«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал ұрпақ

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының І жартыжылдық бойынша есебі

«Адал ұрпақ» - жарқын болашақтың кепілі

2019-2020 оқу жылы

Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мемлекет пен қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып табылады. Сол себептен өскелен ұрпақпен осы бағытта жұмыс істеу негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз да:

«Біреудің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз бойынды тазалап,

Өз ойыңды мазалап,

Өзіңмен күрес өлгенше!»,– демеп пе еді. Яғни жемқор да біздер сияқты адам, бірақ ол манағы адалдық деген ардақты қасиеттен жұрдай. Ал біз олардың жолына түспес үшін, бойымыздағы рухани қазынамызды жоғалтпауымыз керек. Өз бойымызда рухани қазына тұрғанда, өзгенің материалдық қазынасына жалтақтауға жол бермейтініміз анық.

Ұлы ұлт даму үшін ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу керек. «Адал ұрпақ» – жасөспірім оқушы, балаларымыздың кеудесіне ізгіліктің нұрын сеуіп, жаман індетке, ел экономикасына қауіпті құбылыстарға қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру мақ-сатында құрылған жоба.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатта біздің мектепте 7 «А» сыныбының оқушыларынан құралған «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы ашылды. Клубтың құрамында жалпы 10 оқушы бар. Олар:

1. Габдуллина Нұрай

2. Жармохамбетова Аружан

3. Ескендір Әлнияз

4. Қайролла Арайлым

5. Жұмабай Ербол

6. Болат Жансая

7. Қалихан Айзада

8. Мұрат Дінислам

9. Кайыргелдинова Гульназ

10. Казбекова Аяулым

Жыл басында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері сайланып, жоспары құрылып, бекітілді. Бұл оқушылармен мен екінші жыл жұмыс жасап келемін.

Жоспар бойынша «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылды. Бұрыштың басты мақсаты – азаматтық, патриоттық тәрбие беру, кез-келген адамның құқығын,

бостандығын және міндетін құрметтеу, адамгершілік қасиет пен этикалық сананы қалыптастыру, жемқорлықты қабылдамау, шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру болып келеді.

Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы өткізілді. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз ой-көзқарастарын қағаз бетінде білдірді.

Сонымен қатар 5-11 сынып оқушыларына арналған «Суд на коррупцией» атты сахналық қойылым қойылды. Оқушылардың дайындығы жақсы болды. Жоғарғы деңгейде ойнап шықты. Артынша іс-шара «Право быть услышанным» атты флешмобымен жалғасты.

Сонымен қатар, оқушылардың арасындағы бір-біріне қоқанлоқы көрсету, жалпы құқық бұзушылық жайлы жасырын сауалнама өткізілді.

Бұл және де басқа да іс-шаралар мектебімізде өз жалғасын табады. Себебі, мектеп жасындағы балаларды «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмысына белсенді тартуы еліміздің жарқын болашағына қосқан үлесіміз деп білеміз. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегендей, еліміздің ертеңін ойласақ ұрпақты АДАЛ болуға тәрбиелейік.

 

 

Клуб жетекшісі: Актаева Б.А.

Жаңартылған күні: 16.04.2019 13:55
Құрылған күні: 20.01.2020 10:12

Текст