«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқамрасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының N14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

          Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 01 қаңтардағы «Мемлекеттік қызметтер туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Заңына сәйкес «Көкшетау қаласының №14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - 6 қызмет көрсетеді:

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау - 136
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты  ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - 0
  3. Аз қамтылған отбасылардың балаларын қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуды қамтамасыз ету үшін құжаттар қабылдау және бағыттар беру - 320
  4. Балаларды жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру үшін құжаттар қабылдау - 79
  5. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну - 270
  6. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру - 5

           Барлық мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

        2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 810 құрады, оның ішінде::

-  қағаз жүзінде —590                                

-  веб-портал  арқылы «Электрондық Үкімет порталы» —  220. (6 түрі)

           "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 жылғы №275 бұйрығымен бекітілген.

Қазіргі уақытта 4 құжат қабылдау:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет), туу туралы куәліктің көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылса);

3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/е нысаны және № 026/Е-3 нысаны);

4) баланың көлемі 3х4 сантиметр, саны 2 дана фотосуреттері.

 

 

 

         Педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысына сәйкес заңды өкілдерінің келісімімен ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін қосымша ұсынылады.

         2023 жылдан бастап "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері ақпараттық сайт арқылы көрсетіледі e.gov..

            Халықты ақпараттандыру мақсатында №14 жалпы орта білім беретін мектеп сайтында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары орналастырылған.    

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында мектептер көрнекі ақпараты бар стендтер «Өзіне-өзі  қызмет көрсету  бұрышы» (стандарттар, өтініштер үлгілері және т.б.) орналастырылды. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртібі, Байланыс ақпараты орналастырылған "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін одан әрі арттыру мақсатында 2023 жылға арналған "№14 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

            Ай сайын қалалық білім бөліміне 6 мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша ішкі мониторинг бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу туралы бойынша шағымдар жоқ.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектеп фойесінде орналасқан стендтерде орналасқан.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 16:04
Құрылған күні: 29.02.2024 18:28

Текст