Мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 11/14/18 жылы латын тіліндегі алғашқы жалпыұлттық диктант өтті. 174 адам қатысты. Бұған мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлері.қатысты.
14 қаңтарда «Рухани-жаңғыру бағдарламасы аясында «Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына орай» патриоттық тәрбие айының және жоспарланған іс-шаралардың аясында №2 орта мектебінің «Әскери даңқ» мұражайына 8в, 8г сынып оқушылары саяхат жасады.
20 ақпан күні «Рухани Жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында №14 орта мектептің 10 А және 10 Б сынып оқушылары аймақтық мұрағатқа саяхаттады, облысымызға қатысты мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдарды, сондай-ақ бүгінгі оқиғалардың фотосуреттерін қарап шықты. Оқушылар өте қуанышты болды, саяхат қызықты өтті.
24 сәуір күні Рухани жанғыру бағдарламасы аясында , Застанционный кентінің қалалық үлгі кітапханасында «Болашаққа үміт, жастарға сенім» атты жастарға арналған іс-шара өткізілді.
Мақсаты: спортты насихаттау және жастарды спортқа тарту, ауыр атлетикадан спорт шебері, жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Қалиев Жасұлан болды. Ол адамның өмірінде спорттың қандай рөл атқаратынын айтты, әсіресе жастар спортшы болу керек деп атап өтті. Ол сондай-ақ өзі туралы, спортқа қалай келгені туралы және қандай жарыстарға қатысқаны туралы айтып берді.
24 сәуір күні мектеп оқушылары «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында Көкшетау облысының мұрағатында болды. Балалар қаланың және туған жердің тарихымен танысты. Архив қызметкері облыс орталығының қалыптасуы туралы әңгімелеп, уақытты кері айналдырғандай, оқушылар ескі мұрағат суреттері бар стендтерге қызығушылықпен қарады. Олар Ұлы Отан соғысына арналған стендте көбірек көңіл бөлді және қалада қорғаныс зауыттары, №2 мектептің базасында аурухана болғанын білді.