«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп уставы

  1. Жалпы ережелер
  1.  Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 14  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мектеп) білім  беру функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық-құқықтық формада құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.

1.2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

1.3. Мектеп Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген нормативтік – құқықтық актілерге және осы Жарғының негізінде құрылды және өз қызметін жүзеге асырады.

1.4. Мектеп құрылтайшысы Көкшетау қаласының әкімдігі болып  табылады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган).

1.5. «Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) мектептің тиісті салалық уәкілетті органы болып табылады.

1.6. Мектеп  атауы:  

мемлекеттік тілде: Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 14 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

қысқаша атауы: Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№ 14 орта мектебі» КММ;

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Средняя школа                         № 14» отдела образования города Кокшетау;

қысқаша атауы: КГУ «СШ № 14» отдела образования города Кокшетау.

1.7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020002 , Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,  Станиславский көшесі 35

 

  1. Мектептің заңдық мәртебесі

2.1. Мектеп мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлға құқығына ие болады.

2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай Мектеп дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, мемлекеттік және орыс тілдерінде Мектеп атауы жазылған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және  мемлекеттік мекеме  атауы жазылған мөрі бар.

2.3. Мектеп басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сонымен қатар оның құрылтайшысы бола алмайды.

  1. Мектеп оперативті басқару құқығы негізінде берілген жеке мүлікке ие, өзіне  жүктелген міндеттемелер бойынша өз құзырындағы ақша үшін жауап береді. Келісім-шарттағы міндеттемелер бойынша, Мектеп жауапкершілікке Мектепті қамтамасыз ету бойынша бекітілген смета шеңберінде ие болады. Мектепке ақша жетіспеген жағдайда оның міндеттері бойынша субсидиялық жауапкершілікті Құрылтайшысы көтереді.

 

2.5. Мектептің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің аумақтық қазына бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін өз күшіне енеді.

2.6. Мектептің қызметі мемлекеттік стандарттар негізінде білімнің тегін берілу принципінде, білім беру процесінің үздіксіздік және оқыту әдістерінің алуан түрлілігі принципінде құрылады.

2.7. Мектеп білім қызметін жүзеге асыру, заңмен белгіленген жеңілдіктерді пайдалану құқына оған сәйкес лицензия берілген күннен бастап ие болады.  Мектеп өз түлектеріне олардың білім дәрежелері туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру құқығына мемлекеттік аккредитациядан өткен сәттен бастап ие болады. Мектептің мемлекеттік аккредитациясы мен аттестаттауы ҚР «Білім туралы» Заңымен бекітілген тәртіпте өтеді.

 

3. Мектеп қызметінің мәні, міндеттері мен мақсаттары

3.1. Мектеп қызметінің мәні:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру стандартын жүзеге асыру;
  2. бірыңғай тәрбие мен білім беру процесін жүзеге асырушы Мектеп шығармашыл, дарынды тұлға қалыптастыруға септігін тигізетін оқу-тәрбие процесінің мазмұны, формасы және әдістері;
  3. оқушылардың физикалық және эмоционалдық жағдайларының жақсы болуын қамтамасыз ету, тұлғаның үйлесімді жетілуі үшін отбасымен өзара қарым-қатынас орнату;
  4. білім берудің жоғары нәтижесін көрсететін білім беру бағдарламаларын және педагогикалық технологияларын жүзеге асыру;
  5. баспа өнімдерін шығару арқылы, ақпарат кеңістігін кеңейту;
  6. қолданыстағы заңнамаға сәйкес ата – аналардың өтініштері бойынша қосымша ақылы білім беру қызметтерін көрсету;
  7. алғашқы (дәрігерлікке дейінгі) медициналық-санитарлық көмек көрсету;
  8.  түрлідеңгейлік оқытуды, соның ішінде түзете-дамыта оқытуды жүзеге асыру;
  9. Мектеп «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

3.2. Мектеп қызметінің мақсаты - қазіргі заман талаптарына сай жалпы білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын игерту, ойлау процестері мен рефлексия дағдыларын дамыту, қоғамның өзгермелі жағдайларына бейімделе алатын үйлесімді дамыған жеке тұлғаны дамыту болып табылады.

3.3. Мектеп қызметінің негізгі принциптері:

  1. сапалы білім алуда барлық балалар құқықтарының теңдігі;
  2. зиялы, гуманистік және дамытушы сипаттағы білім берудің, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, тұлғаның еркін дамуының приоритеті;
  3. адамның құқығы мен бостандығын құрметтеу;
  4. деңгейлері өзара сабақтас білім беру процесінің үздіксіздігі;
  5. оқыту, тәрбиелеу және дамытудың бірлігі;
  6. білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесінің ашықтығы.

3.4. Мектепте  діни бірлестіктердің құрылуы және жұмыс істеуі рұқсат етілмейді.

3.5. Мектеп қызметінің негізгі міндеттері:

  1. ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика жетістіктеріне негізделген тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен маман ретінде жетілуіне бағытталған сапалы білім алуға қажет жағдайларды жасау;
  2. тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық қабілеттерін дамыту, адамгершіліктің берік тұғыры мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдайлар жасау арқылы оның ақыл-ойын байыту;
  3. өз Отанына, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін, патриоттық және азаматтық сезімдерін, мемлекеттік символдар мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін кез келген құбылыстарға деген төзімсіздік сезімін тәрбиелеу;
  4. белсенді азаматтық рухтағы тұлғаны тәрбиелеу; қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірге қатысуға деген қажеттіліктерін, тұлғаның өз құқықтары мен борыштарына саналы түрде қарауын қалыптастыру;
  5. Отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне ортақтастыру; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихы мен салт-дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік тілді, оған қоса орыс және басқа да шет тілдерін меңгеру;
  6. педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік деңгейлерін көтеру;
  7. қоғам мен экономиканың талаптарына сай келетін білім берудің сапасын бағалайтын ұлттық жүйенің қызмет етуі;
  8. оқытудың жаңа тенологияларын енгізу және тиімді қолдану;
  9. мүмкіншіліктері шектеулі азаматтардың білім алуына арнайы жағдайлар жасау;
  10. оқытудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру бағдарламалары мен педагогикалық технологиялардың жасалуы және іске асырылуы;
  11. баланың өзін шығармашыл және дарынды тұлға ретінде көрсететін шығармашылықты дамытатын жеке бағдарламаларды жасау;
  12.  балаларды өзін-өзі дамыту және өзін-өзі оқыту қажеттілігін қалыптастыру болып табылады.

3.6Мектеп  өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасындағы тәрбиелеу Концепциясын, жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларын, Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік стандартын  (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта),  Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің Кешендік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, жергілікті басқару органдары мен барлық деңгейдегі білім басқармасының органдарының шешімдерін, Құрылтайшы және Уәкілетті органдардың бұйрықтары  мен өкімдерін, сонымен қатар осы Жарғыны басшылыққа алады.

3.7. Мектеп өз жұмысына сәйкес шетелдік білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыс ұйымдастырып, екітарапты және көптарапты әріптестік шарттар жасаса алады, білім беру саласы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (ассоциацияларға) кіре алады.

3.8. Мектеп заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.

3.9. Мектеп оның Жарғысындағы қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін жұмыстар жүргізуге және шарттар жасауға рұқсатетілмейді.

3.10. Ведомстволық бағыныштылығына және меншіктік нысанына қарамастан, негізгі орта,жалпыортабілімберуоқубағдарламаларыніскеасыратынМектеп өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзегеасырады.

3.11. Лицензиялау мемлекеттік рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік рұқсат беру және хабарламалардың электронды реестрін қолдана отыра электронды формада жүзеге асырылады.

3.12. Оқушылардыңжалпы білім беру бағдарламаларын күндізгі оқыту формасында және экстерн түрінде, қашықтықтық түрде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуына жағдай жасау. Күндізгі жалпы білім берумектептерінде кешкі және сыртқы білім беру түріндеоқыту-кеңес беру пункттерін ашуды жүзеге асырады. Сырттай оқытуда ( 10- 15 адамнан тұратын сынып), сыртқы топтарды жекешеленген оқыту түрінде (сыныпта 9 адамнан кем емес).Ерекше жағдайлартуындаған кезде талапқа сәйкес қашықтық оқыту технологиясын жүзеге асырады.

3.13. Жекетұлғаныңқажеттіліктеріменмүмкіндіктерінескереотырып,білімберетін оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту нысандарында жүзегеасырылады.

3.14. Инклюзивтібілімберумақсаттарынжүзегеасыраотырып,білімберудіңбарлық деңгейлерінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді және логопедиялық кабинет жұмысын құрып ұйымдастырады.

3.15. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын оқушылар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

3.16. Білім алушыларды мектептен шығару олардың құқықбұзушылық іс-әрекет жасауы, білім ұйымы жарғысын дөрекі түрде бірнеше мәрте бұзуы жағдайында білім ұйымының мемлекеттік басқару органының шешімі арқылы айрықша жағдайларда жол беріледі.

3.17. Жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарынан шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады.

 

4. Білім беруде жүзеге асырылатын оқу бағдарламалар  тізбесі

4.1. Мектеп білім беру бағдарламалары негізгі (базалық) және қосымша (дамытушылық) нұсқалардан тұрады.

4.2. Мектеп білім берудің мемлекеттік оқу бағдарламаларын мемлекеттік стандартқа сай жүзеге асырады.

4.3. Бастауыш білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары баланы тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу іс-әрекетіне деген оң мотивациясы мен ептіліктерін дамытуға бағытталады: негізгі мектеп  білім беру бағдарламаларын игеру үшін оқу, жазу, есептеу дағдыларын, тілдік қарым-қатынас жасау тәжірибесін, шығармашылық қабілеттерін және мәдени мінез -құлқын дамытуға бағытталады.

4.4. Негізгі орта білім берудегі жалпы білім берудің оқу бағдарламалары оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруіне, оларда жоғары тұлға аралық және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеттерін қалыптастыруға, өз мамандық бағыттарын анықтауға бағытталады.

4.5. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бейіндік білім беруді енгізу арқылы білім мазмұнын дифференциациялау, интеграциялау және кәсіби бағдарлау негізінде әзірленеді.

4.6. Жалпы білім берудің оқу бағдарламасы оқушыларды алдын ала өз мамандық бағытына даярлауғабағытталады.

  • 0 саты – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
  • жалпы бастауыш білім;
  • жалпы негізгі орта білім;
  • жалпы (толық) орта білім;

Қосымша білім беру бағдарламалыры - оқытудың стандартты мерзімі іске

асырылатын бағдарламаға байланысты белгіленеді.

Бірінші саты оқушылардың дамуын, олардың оқу, жазу, есептеуді үйренуінің негізгі дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, оқу кезінде өзін - өзі бақылап, сөйлеу мен жүріс-тұрыс мәдениетін қарапайым дағдыларын, адамның гигиенасы мен салауатты өмір салтының алғашқы негіздерін игеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш білім жалпы негізгі білім алудың базасы болып табылады.

Екінші саты оқушылардың мектеп бағыты бойынша тереңдетіліп оқытылатын жалпы негізгі білім беру бағдарламасын игеруге қамтамасыз етеді, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуға оның қызығушылық қабілетінің әлеуметтік бейімделуіне және жалпы орта толық білім, бастауыш және кәсіптік білім алудың базасы болып саналады.

Үшінші саты жалпы білім беретін бағдарламаның соңғы кезеңі болып табылады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді. Жалпы орта білім алушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.

Жағдай болса,  білім алушылар және ата-аналардың сұранысы бойынша Мектеп әртүрлі бағыттар немесе бейіндік оқулар бойынша оқытуды енгізе алады.

  1.  Жалпы орта білім берудің жалпы орта білім беру оқу бағдарламалары
  2.  

 

5. Білім беру ұйымына қабылдау тәртібі

5.1. Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттарқажет:

  1. баланың заңды өкілдерінен өтініш;
  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. медициналық анықтама 086/Е.
  4. 3x4 көлеміндегі фото – 2 дана;

Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

Бастауыш білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде басшылар оқуға келушілердіолардың заңды өкілдерін осы Қағидалармен, жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке қабылдау     арнайы  психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысының шешімімен заңды өкілдерінің келісімімен қабылданады.

Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

5.2. Негізгі орта білім беру мекемесіне қабылдау тәртібі.

5.3. Негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бастауыш білім беру деңгейін аяқтаған білім алушылардың құжаттарын бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарға қабылдау,

5.4. Оныншынемесе он бірінші бейіндік сыныптарға қабылдау оқушының қызығушылығы, талабы мен ынтасын есепке ала отырып, келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:

  1.  Баланың заңды тұлғаларынан өтініш;
  2. Негізгі орта білім туралы куәлік (оқушының тұрғылықты мекен-жайына қарамастан). Өтініш қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатын тапсырғаннан кейін басталады.

 

  1.  

5.6. Жалпы орта білім берудегі оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымы оныншы немесе он бірінші сыныпқа қабылдауға қарсылық білдірсе, білім берумекемесініңтүлегінемесеоныңзаңдыөкілетібілімберусаласындағықұзыретті органдарғажүгінеді.

5.7. Мектеп Қазақстан Республикасының белгіленген стандартына сай міндеттелген білімді меңгеру мақсатында шағын аудан аумағында тұратын балалар үшін жалпы білім беру сыныптарынқұрайды.

 

6. Білім беру үдерісін ұйымдастыру тәртібі

6.1. Мектеп оқу-тәрбие процесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сай өңделген оқу жоспарларына, оқу бағдарламаларына, Мектеп директорымен бекітілген мемлекеттік оқу жоспары мен тақырыптық жоспарға сәйкес құрылады.

6.2. Мектеп  оқыту және тәрбиелеу процесі қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

6.3. Мектеп Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген шеңберде оқытудың түрлері, әдістері және құралдарын таңдауда дербес деп саналады.

6.4.Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуының негізі Мектеп жүзеге асыратын оқу-тәрбие процесінің жоспарлануы мен есепке алынуы болып табылады.

6.5. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларын уақытылы және сапалы орындалуын, толық көлемде қамтамасыз етуді көздейді.

6.6. Мектепте  оқу-тәрбие процесін жоспарлау оқу жылына оқу-тәрбие процесінің кестесін, теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.

6.7. Мектепте  оқу-тәрбие процесін есепке алу оқытуды есепке алу журналының және оқу бағдарламаларын орындауды есепке алу табельдерінің жүргізілуі арқылы жүзеге асырылады.

6.8. Білім мен ғылымды кіріктіру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын жасау және енгізу, Мектеп  педагогикалық жұмысшылардың санаттарын жоғарылату мақсатында Мектеп оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.

6.9. Мектеп тәрбие беру бағдарламасы білім үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриотизм, азаматтылықты, интернационализм, мораль және адамгершілікті қалыптастыруға, сонымен қатар оқушылардың жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған.

6.10. Мектеп жалпылай мойындалған халықаралық құқық және гуманизм принциптеріне қарама-қайшы келетін нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздықты насихаттау, милитаристік және басқа идеяларды тарату, сонымен қатар діни атрибуттары көрсетілген киім киюге тиым салынады.

6.11. Оқу-тәрбие беру үрдісі оқушылардың және педагогикалық қызметкерлердің адамгершілік абыройларын құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

6.12. Оқушыларға физикалық, моральдық және психикалық зорлық-зомбылық жасауға рұқсат етілмейді.

6.13. Әскерге шақырылу не әскерге шақырылуға дейінгі жасындағы оқушылардың алғашқы әскери дайындығы мектепте Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

6.14. Мектеп тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6.15. Мектеп жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа сай мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, сонымен қатар орыс тілі және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай шет тілдерінің бірі оқытылады.

6.16. Мемлекеттік және орыс тілдері қорытынды аттестаттау жүргізерде пәндердің тізбесіне кіретін міндетті пәндер болып табылады.

6.17. Оқыту процесі оқытудың әр түрлі формалары қолданылатын сабақтар жүйесі болып табылады: жеке, жұптық, топтық, өз бетінше.

6.18. Оқу жүктемесі, оқушылардың сабақтарының режимі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, білім беру және денсаулық сақтау органдарының оқу жоспарлары мен ұсыныстарының негізінде дайындалған Мектеп бекіткен ережелермен анықталады.

6.19. Оқу жылының мерзімі, демалыс өткізу мерзімдері мен оның ұзақтығы жылдық күнтізбелік кестесінде көрсетіледі. Мектеп директоры бекітетін сабақ кестесі мен күн тәртібінде сабақ кестесі құрылады. Сабақтар екі ауысымда өткізіледі. Оқушылармен жеке жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстар кесте бойынша сабақтан тыс уақытта өткізіледі.

6.20Мектеп сынып саны оқушылардың санына және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға жасалған жағдайларға, сонымен қатар санитарлық нормаларды сақтауға байланысты.

6.21. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес оқушылардың мектеп формасын киюі міндетті болып табылады.

6.22. Мектеп оқушыларын тамақтандыру ата-аналар есебінен және бюджеттік жалпыға міндетті оқу қорынан (жетім, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар, бала кезінен мүгедек балалар) және өзге де құралдармен, мемлекеттік қалалық бағдарламалармен жүзегеасырылады.

6.23. Білім алушыларды келесі сыныпқа көшірутәртібі:

  1. Оқу бағдарламасын толық меңгерген, ағымдық және қорытынды емтихандарды жақсы тапсырған білім алушылар мектептің Педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша келесі сыныпқа көшеді;
  2. Білім алушының ауысуы Мектептің Педагогикалық кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады;
  3. Алдыңғы жалпы білім беру бағдарламасы деңгейін меңгермеген білім алушы келесі білім беру сатысына жіберілмейді.

6.24. Білім алушылардың сабақ оқу тәртібі:

  1. Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады;
  2. Оқу жылының ұзақтығы, апталық оқу, демалыс мерзімі мен ұзақтағы Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігінің бұйрығымен орнатылады;
  3. Білім беру мекемелеріндегі сабақ өту уақыты – қырық минут;
  4. Білім беру мекемелерінде оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмайды;
  5. Ішкі тәртіп ережелерінде белгіленген сабақ кестесі және  күн тәртібімен сабақ арасындағы қоңырау ұзақтығы жүзеге асады.

6.25. Оқу сыныптарының саны мен сыйымдылығы.

Мектеп сыныптар саны өтініш білдірген азаматтардың және білім беру процесін жүзеге асыру мақсатына санитарлық нормаларға сай болады және Директордың бұйрығымен жүзеге асады.

6.26. Қоғамдық-пайдалы еңбекті ұйымдастыру, оқу жоспарындағы оқу жүктемесінің компонентін еңбек тәжірибесінде өткізу қамқоршылық кеңесінің қатысуымен жүзегеасады.

 

7. Оқушылардың білімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің формалары және тәртібі

7.1. Оқушылардың білім берудің оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында Мектеп оқушыларының үлгерімдерін ағымдық бақылаудан және аралық аттестациядан өткізу жүргізіледі.

7.2. Оқушылардың үлгерімдерін ағымдық бақылаудан және аралық аттестациядан өткізудің мерзімі мен тәртібін, формасын таңдау Мектеп еркінде.

7.3. Оқушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды оқу жылының бірінші тоқсанынан (жартыжылдықтан) бастап 2-11 (12)  сыныптарда барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер жүзеге асырады. Бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында  оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

7.4. 1-11 (12)-сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық бағалардың негізінде қойылады.  5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.  Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға жол берілмейді.  

7.5. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша "3", "4", "5" деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

7.6. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.  

Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

      1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың (баланың заңды өкілдерінің) келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

7.7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері білім беру ұйымының мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

7.8. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" алған білім алушылар көшіріледі.

7.9. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

7.10. Мектеп кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарына және басқа заңды өкілдеріне білім беру процесінің курсы мен мазмұны, сондай-ақ оқушылардың оқу жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді.

 

7-1. Орта білімнің жаңартылған мазмұны бойынша оқушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды жүргізу тәртібі

7-1.1. Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың нақты оқыту мақсаттарына жетуін мониторингтеу үшін және алдағы уақытта әр оқушымен сараланған және жеке жұмыс ұйымдастыру үшін жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау нәтижелері есептік құжаттама болып табылмайды.   

7-1.2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді. Жиынтық бағалау 1-сыныптарда үшінші тоқсаннан бастап, 2-11 (12) сыныптарда бірінші тоқсаннан бастап жүргізіледі.

7-1.3. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.

    Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатылып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.

7-1.4. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға жол берілмейді.

 

7-2. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

7-2.1. Жалпы және орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бітірушілердің қорытынды аттестациясымен аяқталады, ол білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациясына үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

7-2.2. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

7-2.3. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беу) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

7-2.4. Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен   бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

7-2.5. Мектеп түлектеріне қорытынды аттестаттаудан өткен соң, мектеп мөрімен куәландырылған білім деңгейі бойынша мемлекеттік стандарттың құжаты беріледі.

7-2.6. 10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық оқыған пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары "5" болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

7-2.7. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.

7-2.8. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;

2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен  бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.  Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.

 

  1. Оқушыларды оқудан шығару тәртібі мен негіздемелері
    1. Оқу бағдарламалары бойынша екі немесе одан көп пәнді игере алмаған оқушылар ата-аналарының қалауына қарай қайта оқуға қалдырылады немесе жазғы демалыс кезінде орындауы тиіс тапсырма беріледі. Жалпы білім бағдарламасының  алдыңғы деңгейін игермеген оқушылар келесі сатыға жіберілмейді (тек психологиялық–дәрігерлік–педагогикалық комиссиядан өткендер мен қорытындылау аңықтамасы барлары ғана жіберіледі).
    2. Мектептен оқушыны шығару 16 жасқа толған оқушылар заңға  қарама-қайшы әрекеттер жасаған жағдайда және осы Жарғының талаптарын дөрекі түрде бірнеше мәрте бұзса Білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімімен жүргізіледі.
    3. Жетім немесе ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды мектептен шығару шешімі қорғау мен көмек органдарының келісімімен қабылданады.

 

 

9. Ақылы білім беру қызмет көрсету тізімі мен тәртібі

9.1. «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асыру бойынша және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан қалатын ақшаны жұмсау бойынша қосымша ақылы білім беру қызметтерінің тәртібі туралы» бекітілген Ережесі негізінде, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және ата-аналардың қалауына сәйкес Мектеп оқу бағдарламасына қосымша ақылы білім беру қызметі жүйесі қосылады.

9.2. Мектеп жалпы оқыту, білім беру стандарттар талаптарынан тыс келесі тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) ақылы қызметтер туралы келісімшартқа тұруымен ақылы түрде мына қызметтерді көрсетуге құқылы:

  1. қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтар мен қабілеттердің дамуы, мамандардың біліктілігін  жоғарлатуы);
  2. оқу жоспары мен бағдарламасында анықталған пәндер бойынша (пәндер мен пәндер циклі) сабақтан тыс уақытта белгілі оқушылармен қосымша сабақтарды ұйымдастыру;
  3. оқушылардың пәндер бойынша (пәндер пен пәндер циклі) ғылым негіздерін терең оқуды ұйымдастыру;
  4. білім беру мекемелерінде өтетін түрлі іс-шаралар қатысушыларын тамақтандыруды қамтамасыз ету, жазғы демалысты ұйымдастыру.

9.3. Ақылы білім беру қызметін беретін Мектеп оқушымен, оның ата-аналары мен басқа заңды өкілдерімен келісімшартпен реттеледі. Шартқа тұру уақытында оқу жылдың барлық шығындарын бір сәтте төлесе, оқу жылдың аяғына дейін шарт бағасы тұрақты болады. Оқудың ақшасы кезеңмен төленсе, онда төлеу сомасы жылда бір рет жалақының өсуіне байланысты инфляция индексін ескеруімен өзгеруі мүмкін.

9.4. Ақылы қосымша білім беруден түскен қаражаттар оқу үрдісіне пайдаланылады, соның ішінде оқу құралдарын, әдебиеттерін алуға,  педагогтардың еңбегін қосымша төлеу және мектеп қызметкерлерін материалдық көмекпен қамтамасыз ету қызметі.

 

10. Білім беру мекемесінің білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және басқа заңды өкілдерімен қарым-қатынас жасау тәртібі, құқықтары мен міндеттері

10.1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдері:

  1. баланың жеке және дара ерекшеліктеріне, қалауына сай білім беру мекемесін таңдауға;
  2. қамқоршылық кеңес арқылы  Мектеп басқару ұйымдарының жұмыстарына қатысуға;
  3. Мектеп өз балаларының оқу үлгерімі, тәртібі, оқу жағдайы жайлы ақпарат алуға;

4) өз балаларының оқу-тәрбие мәселелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестералуға;

5) келісімшарт негізінде балаларына  қосымша қызмет алуға құқылы.

10.2. Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдер міндетті:

  1. балалардың денсаулығы мен білім алуына, өмір сүруіне қауіпсіз жағдайларды қалыптастыруға, физикалық, интелектуалдық дамуын қамтамасыз етуге, адами тұлғасын қалыптастыруға міндетті;
  2. балаларды жалпы білім беру мектебін анықтай отыра мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;
  3. білім беру мекемесінің Жарғысында белгіленген ережелерді орындауға;

4) мектепте балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті

6) балалардың оқу үлгерімі, тәртібі, оқу жағдайын бақылауға алуға; «Оқушының тәртіп ережелерін» орындалуын қадағалауға;

7) балаларының күнделігін тұрақты тексеріп тұруға және үй жұмысын орындауын қадағалауға міндетті.

10.3. Мектеп оқушысы келесілерге құқылы:

1) Мемлекеттік жалпы міндетті білім алу стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

2) Мемлекеттік жалпы міндетті білім алу стандарттарына сәйкес жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім ұйымының кеңесінің шешімі бойынша оқуға;

3) оқу жоспарларына сәйкес альтернативті курсты таңдауға;

4) өз қажеттілігі, қалауы бойынша қосымша білім алуға;

5) мектепті басқару жұмыстарына қатысуға;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген ережелерге сәйкес мектепте тегін ақпараттық ресурстар, оқулықтар, оқу – әдістемелік кешенмен оқу – әдістемелік нұсқаулықтарды қолдануға;

7) мәжіліс, оқу, спорт залдары, кітапхананы тегін қолдануға;

8) өз ойын еркін айтуға;

9) адамгершілік қасиеттерін құрметтеуге;

10) табысты оқу, ғылыми және шығармашылық қызмет үшін көтермелеу және марапатталуына;

  1.  
  1. Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес  білім алу дағдыларының қалыптасуына ынтымақтасу, тәжірибеде қолдану;
  2. мекеме мүлкін ұқыпты ұстауға;
  3. басқа оқушылар мен қызметкерлердің ары мен намысын құрметтеуге, оқып жүрген мектептің дәстүрін құрметтеуге;
  4. білім ұйымының Жарғысымен келісілген басқа талаптарды орындауға;
  5. өз денсаулығын күтіп рухани және физикалық жағынан өзін реттеуге;
  6. темекі, ішімдік, есірткі өнімдерін тұтынбауға;
  7. білім беру мекемесінің Жарғысындағы ережелерді орындауға міндетті, сабақтан тыс уақытта техника қауіпсіздігін сақтауға;
  8. мектеп формасын киюге.

 

11. Мектепті  басқару

11.1 Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған Құрылтайшы және басқару органы жүзегеасырады.

  1. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттен Көкшетау қала әкімдігінің атынан бөлінген негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттарды қоса, мектепте бекітілген мүлікті оперативтік түрде басқаруды бекіту;

  1. мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
  2. мектепке берілген мүліктердің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  3. Мектеп басқару органдары құзыреттілігінің мерзімі мен тәртібін, шешімдерді қабылдау тәртібін, құрылымын анықтайды;
  4. Мектеп басшысының жауапкершілігі мен міндеттерін, құқығын атқарып отырған лауазымынан босату негіздемелерін анықтайды;
  5. Мектеп  шектеулі штаттық саны мен құрылымын бекітеді;
  6. Мектеп директорының ұсынысы бойынша оның орынбасарларын лауазымға тағайындап, лауазымнан босатады;
  7. Мектеп жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
  8. Мектепті қамтамасыз ететін сметаны бекітеді;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

11.3. Мектеп тікелей басқаруды директор жүзеге асырады, Қазақстан Республикасызаңнамасындакөзделгенжағдайлардықоспағанда,уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) директор қызметке тағайындалады және қызметтенбосатылады.

11.4. Директор Мектеп жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы орган) тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

11.5. Мектеп директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

11.6. Мектеп қызметін жүзеге асыру барысында директор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

  1. мектеп атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  2. мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мектептің мүддетін білдіреді;
  3. шарттар жасасады;
  4. сенімхаттар береді;
  5. мектеп қызметкерлерін іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлеріне байланысты  тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
  6. банк шоттарын ашады;
  7. барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  8. мектептің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, ауыстырады және босатады;
  9. мектептің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
  10. өзінің орынбасарларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын анықтайды;
  11. Уәкілетті      орган         мен   жоғары      тұрған        білім беру органдардың шешімдерін, бұйрықтарын және өкімдерін орындайды;
  12. мектептің Педагогикалық кеңесін басқарады;
  13. басқаратын кәсіпорындармен байланыс жасайды;
  14. қаржылық-шаруашылық қызметті бақылайды;
  15. заңнамамен, жарғымен және уәкілетті органмен жүктелген басқа қызмет түрлерін жүзеге асырады.

11.7. Мектепте алқалық басқару органдары бар: Мектептің кеңесі, Педагогикалық кеңес, Қамқоршылықкеңесі.

11.8. Мектептің кеңесі бірдей санмен құрылған, оған мектептің оқытушылары, мұғалімдері, қызметкерлері, оқушылар мен олардың ата-аналары кіреді. Кеңес құрамына мектептің қызметтестік қатынаста болғысы келетін қоғамдық ұйымдар кіруі мүмкін. Мектептің құзырлығына мектеп оқу-тәрбие үрдісінің жалпы бағыттарына анықтау, Мектептің жұмыс тәртібін жасау, ішкі тәртіп Ережелерін жасау, ғимаратты қорғау, оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, еңбек ұжымында болатын дау-жанжалдарды шешу, қосымша білім беру тәртібін ұсыну, әкімшілік пен педагогикалық есептердітыңдау.

11.9. Мектеп педагогикалық кеңесі Мектептің әдістемелік басқаруды іске асырады және оқу бөлімінің меңгерушілері арасынан құрылады. Педагогикалық кеңесті Мектеп директоры басқарады. Педагогикалық кеңес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді, педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын (формалар, әдістер мен тәсілдер) анықтайды, жеке оқу жоспарларын бекітеді, оқушылардың үлгерімі, оқушылардың тәртібі мен аттестаттау мәселелерін, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, озық тәжірибелерді тарату, педагогикалық кызметкерлерді марапаттауды ұсынады, педагогтардың кәсіби қызметіне байланысты барлық сұрақтар бойынша шешімқабылдайды.

11.10. Қамқоршылық кеңес білім беру саласындағы өкілетті органның шешімімен құрылады. Келесі қызметтерді атқарады: Мектеп Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлеу; Мектеп дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу; Мектеп оқыту-тәрбиелеу, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметі мәселелері бойынша ұсыныстарды қарау және дайындау, білім беру әдістемелерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, сонымен қатар оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері; Мектеп оның жарғылық мақсатын жүзеге асыруға көмектесу, сонымен қатар білім алушыларға және педагогикалық ұжымға білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға арналған қажетті жағдай жасау; демеушілік көмекті тарту арқылы қаржылық қолдауды қамтамасыз етуге атсалысу; демеушілік, қолдаушылық және басқа да көмектерді үлестіру; Мектеп бюджетін алдын-ала қарап ұсыныстар жасап оның жобасын келістіру; Мектеп қызметі туралы  Мектеп басшысы және оның орынбасарларының есептерін тыңдау; қызметкерлерге, Мектеп басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерге қосымша қаржы көздерінен қарастырылған қаражат көлемінде лауазымдық қызмет ақыларына үстемеақы, сыйақы және материалдық көмек көрсетуге ұсыныстар әзірлеу; Мектеп құрылымдық бөлімшелерін құру немесе жабу туралы ұсыныстар енгізу. Қамқоршылық кеңес мүшесінің талабы бойынша Мектеп қызметкерлері (құрылымдылық бөлімшелері) Қамқоршылық кеңестің құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша мәліметтерді беріп тұруға міндетті.

 

12. Мектеп мүлкін қалыптастыру тәртібі

12.1. Мемлекеттік мекеменің мүлігі заң тұлғасының активтерінен құралады, олардың құны мектеп балансында көрінеді. Мемлекеттік мекеме мүлігі мыналар арқылы қалыптасады:

  1. жеке меншік иеленушінің берген мүлігі;
  2. өз бетімен іскерлік арқылы тапқан мүлігі (ақшалай табысты есептегенде);
  3. тыйым салынбаған басқа табыс көздері.

12.2. Мектептің смета арқылы берілген қаражатына алынған мүліктерді сатуға, сыйлауға құқығы жоқ.

12.3. Қазақстан Республикасының заңдарында Мектеп табыс әкелетін іскерлікті жүргізуге құқығы болса, сол іскерліктен болған ақша тиісті бюджетке есепке алынады.

12.4. Мектептің мүлкі Көкшетау қала әкімдігі атынан берілген мүлік негізінде, негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттар қарайды.

12.5. Жетекші органның Мектепке берілген мүлкі оған оперативті басқару құқығында, мемлекеттік коммуналдық меншікке жатады. Мектеп мүлікті иеленуге, пайдалануға құқылы.

12.6. Мектептің материалды-техникалық қорын жергілікті бюджет арқылы құрылған құрылтайшымен берілген қаражаттар құрайды. Мектептің мүлкі оперативті басқару құқығында берілген, мемлекеттік коммуналдық меншік түріне жатады. Мектеп өзіне тиесілі мүлікті иеленуге және пайдалануға құқылы.

12.7. Мектеппен бюджеттік қаражаттар арқылы іске асырылған әрекеттерінен түскен мүліктер мектептің балансында тіркеліп, мемлекеттік меншікке жатады. Мектеп өз алдына осы мүліктерді пайдалануға құқығы жоқ.

12.8. Мектеп бухгалтерлік есепті Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңдарына, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру бойынша Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізуге міндетті.

12.9. Мектептің қаржылық-шаруашылық іскерлікті тексеру мен ревизия жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті органменөткізіледі.

 

13. Мектеп  қызметкерлерінің штаты және олардың еңбекақысын төлеу шарттары, құқықтары мен міндеттері

13.1. Мектеп пен қызметкерлер арасындағы еңбек қарым-қатынастары еңбек туралы заңға сүйене отырып, жеке еңбек шартына сай реттеледі. Педагогикалық ұжым конкурс негізіндеқұрылады.

13.2. Мектеп қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері мектеп Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен және қызметтік нұсқаулармен анықталады.

  1. . Мектептің педагогикалық қызметкерлері:
  1. кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай туғызуға;
  2. мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын сақтау жағдайында, педагогикалық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін еркін таңдауға;
  3. ғылыми зерттеулердің тақырыбын және оларды педагогикалық практикада қолдану нәтижесінің формасын таңдауға;
  4. мектептің басқару органдарының жұмыстарына қатысуға;
  5. өндірістен қол үзе отырып, бес жылда бір рет екі ай мерзім мөлшерінде өз біліктілігін арттыруға;
  6. өз дәрежесін көтеру мақсатында және қызметте өсу үшін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге;
  7. ұзақтығы 56 күнтізбелік  күнге төленетін демалыс алуға;
  8. жеке педагогикалық қызметке;
  9. өзінің кәсіби ары мен ұятын қорғауға;
  10. интеллектуалдық қабілетін қорғауға;
  11. мектептің әкімшілігі шығарған бұйрықтары мен өкімдері бойынша арыздануға;
  12. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтің басқа да педагогикалық формаларына құқылы.
    1. Мектептің педагогикалық қызметкерлері:
  1. оқушылар мен тәрбиеленушілерге мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген деңгейлерге сай білім беру дағдыларын қалыптастыруға;
  2. оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету және шығармашылық қабілеттерін анықтауға;
  3. өз біліктілігін арттыруға;
  4. педагогикалық әдеп нормаларын ұстануға;
  5. оқушылар мен тәрбиеленушілерді және олардың ата-аналарының ар-ожданын сыйлауға;
  6. салауатты өмір салтын ұстануға және оны оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттауға міндетті.

13.5. Мектептің қызметкерлерінің еңбек төлемінің жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенанықталады.

13.6. Мектеп қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесіне мыналар кіреді: мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің лауазымды еңбекақы, Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген, Қазақстан Республикасының заң актілерімен көрсетілген өтемакы, еңбекшартына байланысты қосымшақұндар.

13.7. Мектептіңқызметкерлерініңлауазымдыеңбекақылары(ставкалары) мұғалімнің мамандық бойынша жұмыс өтіліне және лауазымына сай топқа жататындығы,қайқызметтежүргендігібарлығыескерілеотырып,есептеугеарналған лауазымды еңбекақысы белгіленген коэффициентке көбейтіліпанықталады.

13.8. Еңбекшартынасайқосымшатөлемақыларлауазымдыеңбекақыданесептеледі, албасқадақосымшаақыларбір айлықжалақыныңеңазмөлшерікөлеміндеалынады, өтемакы көлемі Қазақстан Республикасының нормативті актілеріне сайанықталады.

13.9. Мектептің педагогикалық қызметкерлеріне арналған нормативтік оқу жүктемесі мұғалімдер біліктілігін ескеру арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасыменреттеледі.

13.10. Мектептегі еңбекті ұйымдастыру қызметкерлерге кепілдік беру принциптері негізінде, Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген әлеуметтік- экономикалық құқықтары негізіндежасалады.

 

14. Мектеп  Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер еңгізу тәртібі

14.1. Осы жарғыға өзгертулер мен толықтыруларды Мектептің Құрылтайшысы енгізеді.

14.2. Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап қана нақты деп есептеледі. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізген сәттен кейін бір ай мерзім ішінде Ақмола облысы бойынша Әділет министірлігіне хабарлауға міндетті және ресімдеуге қажетті қызметті іске асырулары қажет.

 

15. Мектепті қайта құру және тарату тәртібі

15.1. Мектепті қайта құру немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

15.2. Мектепті қайта құру немесе тарату жағдайында, оқушыларға басқа мектептерде оқу жылын аяқтауы үшін жағдай жасалуы қажет.

15.3. Мектепті таратқан жағдайда немесе құқықты қабылдаушысы болмаған кезде Мектептің барлық құжаттамалары мемлекеттік мұрағатқатапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 16.04.2019 18:14
Құрылған күні: 17.04.2019 09:29

Текст