Текст
8 сәуір күні №14 орта мектебінде психология апталығының ашылуы өтті. Бірінші ауысым басталар сәтінде мектеп алдында әсерлі әуенмен бастадық .
"Қуаныш пен жақсылық жолдауы!" атты таңертеңгілік акциясы өтті.
8 «д» сынып оқушылары қызықты қояннын,жолбарыстың киимдерімен есте қаларлықтай керемет көңіл күймен мектеп холлында оқушылар мен педагогтарды қарсы алды. Мектепке кіргендердің әрқайсысына күні бойы жақсы тілектер, тәтті тосын сый табыс етілді, жақсы көңіл-күймен бөлісті. Ең мейірімдІ балаларға түрлі-түсті шарлар, жабысқақ негіздегі смайлдар табыс етілді.
Басқаларға қуаныш сыйлай күніміз сәтті өтсін!. Жақсылық адамның таусылмас қазынасы.Ашылу апталығымыз әсерлі және қызықты көңіл күймен басталды.