«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«БІЛІМГЕ ҚҰМАР»

 

ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕ МЕКТЕПТЕР ЖАНЫНДАҒЫ «БІЛІМГЕ ҚҰМАР»

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ (ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ) КУРСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК БАСШЫЛЫҒЫ

Даярлық курстарының мақсаты балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру;

- болашақ меткеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру;

- «мектепалды даярлық – бастауыш мектеп» сабақтастық қағидасын сақтау;

Балалармен жұмыстың ерекшеліктері:

-белсенді шығармашылық әрекетке баулу;

-жас және жеке ерекшеліктерді ескеру;

-танымдық әрекетке жағдайлар жасау;

-жағымды эмоционалдық көңіл-күй орнату;

Оқытудың әдістері мен тәсілдері:

Сөздік: әңгіме, әңгімелесу, сену, мақтау, мадақтау.

Көрнекілік: бақылау, түсіндіру, үлгіні көрсету.

Практикалық: жаттығу, ойын әдісі, тапсырманы бірге орындау.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрлері: ойын сабақтар, дидактикалық ойын, ертегі, зерттеу, саяхат, байқау.

Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері:

жеке-тұлғалық дайындығы -оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді,  жаңа білімді алуға қызығушылық танытады);

зияткерлік дайындығы-білім алуға қызығушылықтың, оң көзқарастың болуы;

әлеуметтік-психологиялық дайындығы–ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі.

Курс соңында күтілетін нәтижелер:

- мектепте өзін ұстау тәртібін сақтау;

- гигиеналық ережені сақтау;

- сурет бойынша әңгіме құрастыру;

- өлеңдерді мәнерлеп оқу;

- әңгімені, ертегіні мазмұндау;

- сөздерді дыбыстық талдау;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;

- 10-ға дейін сандар мен цифрларды білу;

- 20-ға дейін санау;

- дәптерді, кітапты, кеңістікті, уақытты бағдарлау;

- қарапайым тапсырмаларды орындау;

- бейнелеу құралдарын қолдану.

 

 

 

Дайындық курсының топтағы бала саны «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 09 шілдедегі № ҚР ДСМ-59  бұйрығына сәйкес анықталады.

Жаңартылған күні: 29.02.2024 10:27
Құрылған күні: 26.02.2024 11:03

Текст