«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика, физика және информатика пәндері апталығының өткізілуі бойынша есеп.

26.01.2021

18.01.21-22.01.21  ж.  мектебімізде  математика, информатика және физика пәндерінің апталығы  басталды. Іс - шараны ашылуын ұйымдастырған

 математика пәні мұғалімі Карбаева Алма Болтаевна.  Апталықтың өту  жоспарымен таныстырды. Іс - шараға белсенді қатысқан сыныптар 5"А", 5"Ә", 5"Б", 6"Г", 7"Д", 8"А", 8"В", 8" Г". Онкүндіктің ашылуы өте жоғары деңгейде өтті.

Апталық аясында 19.01 күні физика пәні бойынша «Қызықты калейдоскоп» атты ойын өтті.

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен  жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ойынға 8»а» сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін шыңдады. Іс шараны өте мазмұнды, қызықты өткізген пән мұғалімі Дуйсембаева Салтанат Есилбаевна. Ерекше жауап берген оқушылар: Мереке Ануар, Қайролла Арайлым, Казбекова Аяулым, Калихан Айзада,Умиржан Әдемі.

Математика мұғалімі Қожахметов Қ.Ж. 8б сынып оқушыларымен "Мәтіндік есептерді шығару" тақырыбына өткізген ашық сабағы.

5"В" сыныбында информатика пәнінен "Робот түрлері және оларды қолдану" атты ашық сабақ өтті. Сабақты Самусенко И.В. өткізді. Сабаққа  белсенді қатысқан оқушылар  Быченко Анастасия, Абай Ерасыл, Тахтагулов Карим, Идрисова Наиля.

Қаңтардың 21 жұлдызында 5"Б" сыныбында" Математикалық сандық"атты сыныптан тыс іс - шара өтті. Бұл іс - шара 4 кезеңінен тұрды. Сынып оқушылары, әсіресе Кенжебек Сезім, Жансағал Мират, Құрман Тамерлан өте жоғары білім деңгейін көрсетті. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар өте қызықты, сапалы болды. Сабақты өткізген Хоной Алмагул  бұл іс - шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалып, жоғары деңгейде өткізді.

21 қаңтарда 5 сыныптың 4 кезекшілік тобында "Математика не үшін қажет?" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Зияткерлік сайыста 1орын алған Марат Менсұлу, 2орын- Қиямідін Еркежан, 3 орын- Халимов Әлишер. Іс-шараны өткізген Шаяхметова О.С.

22 қаңтарда  5-ші сынып оқушыларымен   "Математикалық сұрақ-жауап сайысы" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Өткізген математика пәні мұғалімі Макенова Айгуль Канатбековна.

22 қаңтарда 11 сынып оқушыларымен «Самый умный» ойыны  өткізілді. Ұйымдастырған математика пәнінің мұғалімі Литвинова А. С.

            Барлық өткізілген ашық сабақтар,сыныптан тыс іс-шаралар жоспарға сәйкес.   Пәндер онкүндігі аяқталуына байланысты 11 сыныптың оқушыларымен  "МИФ апталығының жабылуы" іс-шарасы өткізілді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст