01.02 -12.02.2021 аралығында КММ №14 ОМ «Өзін-өзі тану : Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті. Онкүндіктің өткізу мақсаты : балалар мен ересектердің адамгершілік және мәдениетін қалыптастыру. Жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіну және қабылдау. Адам өміріндегі махаббат.Онкүндіктің салтанатты ашылуы балаларды позітівтілікке,ізгілікке баулып,біздің бәріміз біртұтас, достық қарым-қатынаста екенімізді және « Жақсылықтың жолымен» бір жолда екенімізді дәлелдеді. Мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітаптар және «адамгершілік және рухани мөлдір бұлағы» тақырыбында шығармашылық жұмыстар көрмелері ұйымдастырылды. Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерімен оқу жүйесі және онлайн сабақ шеңберде ашық сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізілді. Аталған шаралар мейірімділік, татулық, махаббат және өзара түсіністік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етті.