«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Химия, биология және география пәндері апталығының апталығының өткізілуі бойынша есеп.

19.03.2021

Химия, биология және география пәндері апталығының апталығының өткізілуі бойынша есеп.

 

25.01.21-29.01.21  ж.  мектебімізде  химия, биология және география  пәндерінің апталығы  басталды. Іс - шараны ашылуын ұйымдастырғандар география пәні мұғалімі Досанова Салтанат Амантаевна мен химия, биология пәні мұғалімі Мусан Кунзира Амантаевна.  Апталықтың өту  жоспарымен таныстырды. Іс - шараға барлық 9, 10, 11 сыныптар белсенді қатысты. Апталықтың ашылуы өте жоғары деңгейде өтті.

    

Апталық аясында 26.01 күні география пәні бойынша 10 «Б» сыныбында «Вокруг света» атты инттелектуалды ойын өтті. Іс-шараны өткізген география пәні мұғалімі Токеева А. Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен  жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдерін шыңдады.

27 қаңтар күні география пәні мұғалімі Досанова Салтанат Амантаевна «Қызықты география» атты интеллектуалды ойын өткізді. Қызықты іс-шараға 11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Ойын жоғары деңгейде өтті.  

 

Биология мұғалімі Берістем А.Б. 27 қаңтарда 9 «А» сынып оқушыларымен «ДНҚ молекулалық құрылысының принципі» тақырыбында ашық сабақты өткізді. Оқушылар бар білімдерін ортаға салды. Сабақты өткізген Берістем А.Б.  бұл сабаққа үлкен жауапкершілікпен дайындалып, жоғары деңгейде өткізді.

   

28 қаңтар күні 9 «В» сыныбында химия пәні мұғалімі Мусан К.А. «Викторина по химии» атты іс-шара өткізді. Іс-шара бірнеше кезеннен тұрды. Оқушылар әр кезеңнен сүрінбей өтіп, жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті. Сабақ сонында оқушыларға сыйлықтар табысталды.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст