Текст
Наурыздың 26-ы күні Көкшетау қаласының 14 орта мектебінің ұстаздары арасында «Жыл ұстазы» атты мектепішілік байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты – ұстаздарды ғылыми зерттеулермен айналысып, кәсіби тұрғыда дамыту және шығармашылық ізденістерін арттыру болып табылады.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша I дәрежелі дипломмен және сертификатпен Бижанова Ұлпан Маликовна,
ll дәрежелі дипломмен сертификатпен Ашимова Самал Кенжебаевна, ІІІ дәрежелі дипломмен және сертификатпен Самусенко Иван Владимирович марапатталды. Сондай-ақ конкурсқа қатысқан басқа да ұстаздарға әртүрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар табысталды.