2019 жылдың қазан айының 14-19 күндері №14 орта мектебінде Эстетикалық бағыт пәндері: көркем еңбек, музыка, технология пәндерінің оқу-әдістемелік онкүндігі өтті.
Онкүндіктің мақсаты:
Онкүндікті өткізуге барлық пән мұғалімдері қатысты.Мұғалімдер өз сабақтарында, сыныптан тыс сабақтарда ойын элементтеріне, жобалық тәсілдерге негізделген, сын тұрғысынан ойлауға негізделген әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра алды.Оқушыларымыздың жас ерекшелігін ескере отырып жасалған онкүндік жоспарындағы іс-шаралар қызықты әрі, сапалы өтті.
Онкүндік барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жинақтап дамытуға арналған іс-шаралар көптеп өткізілді.
Жоспарланған ашық сабақтар:«Қызықты өмір сүру үшін жасау» деген ұранмен өтті.
Жемісті сабақ өткізген келесі мұғалімдерді атап өткім келеді: Көркем еңбек және технология пәні мұғалімі М.К.Сейтимова, Көркем еңбек және технология пәні мұғалімі У.М. Бижанова, музыка пәні мұғалімі А.И.Кобзева және қазақ сыныптарындағы музыка пәні мұғалімі А.К.Ташмағамбетова.
Барлық іс-шаралар мен сабақтар өте жоғары деңгейде өтті. Эстетикалық бағыт пәндер мұғалімдерінің еңбегі оқушылар мен әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, мектеп өмірінің қызықты сәттері ретінде тарих қойнауына енді.Жоспарды жүргізу барысында мұғалімдер ерекше ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.Түрлі үлгідегі орындалған жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттырып, пәнге деген сезімдерін оятты деп айтуға болады. Онкүндік өзінің мақсаттары мен міндеттерінжақсы орындады.