Көкшетау қаласының құрылыс технологиялық колледжінде Ақмола облысы білім басқармасына қарасты «Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжі» мемлекеттік кәсіпорны арасында басшы Бегайдаров Ерлан Бегайдарұлы мен «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №14 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Ж.Қ. Жүсіпбековамен өзара меморандум жасалды. Меморандумның мақсаты – жоғары сыныптарда кәсіптік бағдар беру, тағылымдама бағдарламасын ұйымдастыру, бірлескен семинарлар, симпозиумдер, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу жоспарлануда.
Осы іс-шара аясында 9-сынып оқушылары үшін колледжге экскурсия ұйымдастырылып, оқушылар «Аспаз-кондитер», «Дәнекерлеу ісі», «Интерьер дизайнері», «Электроника және механика», «Жиһаз өндірісі», «Инженер-құрылысшы» мамандықтарымен танысты. Сонымен қатар, студенттерге арналған тәжірибелік сабақтар өткізетін өндірістік цехтарды үлкен қызығушылықпен аралады. Оқушылар ұстаздар мен студенттердің жұмыстарын қызығушылықпен тыңдады.