Текст
Бүгін Республика күніне орай мектебімізде салтанатты сап түзеу өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен биылдан бастап 25 қазан - Республика күні ұлттық мереке мәртебесіне ие болды.
13 жылдан кейін қайта оралған мерекемізді тойлау үлкен қуаныш.Бастауыш сынып оқушылары Отанымызға деген құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде ән-жырларын арнады.Олардың бойында біртұтас рух пен патриотизм ерекше сезілді.Осындай маңызды күнді атап өту барысында ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіріп,дәріптеуіміз керек. Еліміздің тұғыры биік болсын!
Жауапты мұғалімдер: Жазитова С. О.
Неплях Т.В.