«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлы дала перзенттері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет»

26.11.2019

Кешті қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тасбулатов Бекзат Шалабайұлының жетекшілігімен 8 «В» және 8 «Г» сынып оқушылары дайындап өткізді.

         Кешті 8 «В» және 8 «Г» сынып оқушылары Мұқатай Аружан мен Шкотских Ксения жүргізді.

Әдеби кеш «Үш бәйтерек» әнінің орындалуымен басталды.

 

Іс-шара Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қазақ зиялылары, ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылардың өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары ғибратты да мәнді болып табылатынын, осы арқылы бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой - өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата - бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру жолында жанын пида еткен алаш ұлдарының аз болмағанын ұғындыру мақсатын көздеді.

 

Сәкені Жезқазғанның сұлу туған,
Жасынан өз бетінше өнер қуған.
“Үкімет” деп арпалысып жүргенінде,
Ақыры аяқ-қолын кісен қиған.

Бейімбеті Қостанайдың сөз зергері,
Жағдайын кедейлердің бар тергені.
Қолынан қалам түспей жүрген кезде,
Таусылды оның халқына көп берері.

Ілиясы Жетісудің – дүлдүл ақын,
Жырымен ұлағатты бізге жақын.
Көп өлеңі арналған балаларға,
Сондықтан ұмытпайды оның атын.

Үш бәйтерек бір жыл туып, бір жыл өткен,
Зарлатып әйел-бала бірге кеткен.
Оларға “халық жауы” атақ тағып,
Түбіне үшеуінің бір күн жеткен,

- деген өлең жолдары арқылы әдеби шараның негізгі көздеген мақсатын ашуға бағыттала отыра, кеш әдеби-музыкалық монтаждан құралды. Соның ішінде, оқушылар ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы бойынша хабарламалар жасады; «Үш бәйтерегіміз» - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров шығармашылығынан өлең-жырлар оқыды;  «Үш бәйтерек» шығармашылығынан ән шырқады.

Іс-шараны тамашалауға мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Олар әдеби кеш ұйымдастырушыларының өнер көрсетуі кезінде қолдап, шапалақ соғып, қолпаштап демеу көрсетіп отырды. Мұның арқасында кеш ұйымдастырушы оқушылар да өздерін еркін сезініп, толық шығармашылық әлеуетін ашып көрсете білді.

Қорыта келгенде, «Ұлы дала перзенттері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» тақырыбындағы әдеби-сазды кешіне қатысушыларға ұлттық санамыз сілкініп, саяси ой-өрісіміз өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата-бабамыздың қандай болғанын, кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, тегіміздің мызғымас мықты екенін ұрпаққа ұғындырып, келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру жолында жанын пида еткен алаш ұлдары, солардың ішінде бірегейі, әдебиетіміздің үш бәйтерегі атанған ұлы тұлғалар – туғанына 125 жыл толған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сияқты ұландарымызды мақтан тұтуға, жас ұрпақтың бойына ұлтымыздың қасиетті ұландарының өмірін өнеге тұта отыра, бойына патриоттық сезімді сіңіруге бағытталып, шара өзінің көздеген мерейлі деңгейіне шарықтай жете отыра, көздеген мақсаты орындалды деп ойлаймыз!

Просмотров: 950


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст