Текст
14 қараша күні "Тіл- ұлттың баға жетпес қазынасы" атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының ашылу салтанаты М. Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына арналды.9-11 сынып оқушылары жазушының өмірбаянынан мәліметтер айтты. Соңында оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Жазушыға арналған көрме де ұйымдастырылды.Сонымен қатар "Миллион кімге бұйырады?" атты ойынға өзге ұлт оқушылары қатысып, түрлі сұрақтарға жауап берді және тәтті сыйлыққа ие болды.Бұл іс-шара оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген жауапкершілігін арттыруға әсерін тигізді.