Текст
Латын әліпбиіне көшу.
Өткен 2017 жыл біздің мектеп оқушылары үшін де табысты болды деп айтуға көптеген негіз бар. Бірталай зерделік, зияткерлік сайыстарға қатысуымен қатар, желтоқсан айының соңында Застанционный кітапханасында өткен іс-шараға да белсене атсалысты.
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірусуіміз керектігін айтқан болатын. Осы ретте №14 ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айтмагамбетова Қ.С. кітапханада 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу –жаңғырудың жаңа белесі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Оқушылар мазмұнды әрі қызықты өткен іс-шарадан көп мағлұмат, терең білім мен өнегелі тәрбие алды.