Текст
Өткен 2017 жыл біздің мектеп
оқушылары үшін де табысты болды деп айтуға көптеген негіз бар. Бірталай
зерделік, зияткерлік сайыстарға қатысуымен қатар, желтоқсан айының соңында
Застанционный кітапханасында өткен іс-шараға да белсене атсалысты.
Мемлекет басшысы «Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын
әліпбиіне көшуге кірусуіміз керектігін айтқан болатын. Осы ретте №14 ОМ қазақ
тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айтмагамбетова Қ.С. кітапханада 9 сынып оқушыларының
қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу –жаңғырудың жаңа белесі» атты дөңгелек үстел
өткізді.
Оқушылар мазмұнды әрі қызықты
өткен іс-шарадан көп мағлұмат, терең білім мен өнегелі тәрбие алды.