Текст
Аян – біздің мақтанышымыз!
2017 жылғы 2 наурызында – көктемнің шуақты күні Красный яр №1 орта мектебінде өткен орыс сыныбындағы қазақ балалары арасындағы тақырыбындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы!» қалалық зияткерлік ойынында біздің мектебіміздің 10 «Б» сынып оқушысы Сабыров Аян жүлделі – І орынды иеленді. Сайыс бес айналымнан тұрды. Соның барлығынан
сүрінбей өткен Аян жоғары білім нәтижесін көрсете білді. Жеңімпаздар мадақтамамен және құнды сыйлықпен марапатталды. Аянның жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.А. Абенова.
Аянды жеңісімен құттықтаймыз! Болашақта білім шыңдарын бағындыра бер!
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері ӘБ