«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауған соғысы жүректерге жара салды»

16.02.2017

 «Ауған соғысы жүректерге жара салды» 

Биыл 15-ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толды. Осы мерекеге орай біздің мектебімізге Ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалисттер Кусаинов Жанабай Кожахметұлы мен Абуталипов Беспай Баяханұлымен кездесу өтті.  Олар бұл соғысқа қалай тап болғанын, қандай қиындықтармен кездескендігі жайлы айтып берді. Ардагерлер соғыста негізгі мақсаттары машинаға артылған маңызды, керекті жүктерді белгіленген орынға жеткізу болғандықтан, оларға жаулар оқ жаудыртып атқылап жатса да, тоқтамай жүре бердік деп еске алды. Жүк машиналарынан жауға оқпен атқылап, жүктерін және өздеріннің өмірлерін сақтап қалған. Жоғары сынып оқушылары қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойып отырды: соғыста қорқыныш сезімі болды ма? Қандай оқиға естерінде мәңгіге сақталған? Қандай ерліктері үшін ордендермен марапатталды? Балаларға соғыс туралы видеофильм көрсетілді. Іс-шараның соңында қонақтарымыз оқушыларға тек қана «4» пен «5» оқуларына тілек білдірді, ал балалар ардагерлерге өткен кездесу үшін ризашылықтарын білдірді.

Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст