21.01.17 ж. «Адал Ұрпақ» ерікті клубының мүшелері «Мемлекеттік қызмет
көрсету» атты іскерлік ойын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесімен таныстыру.
Міндеттері:
· Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ұғым қалыптастыру.
· Әкімшілік регламент ұғымымен таныстыру.
· Электронды мемлекеттік қызмет көрсету технологиясымен таныстыру.
Іскерлік ойынның кіріспесі дилогтан басталды.Ойынның басында келесі сұрақтар қойылды:
·Сіздер электронды мемлекеттік
қызмет көрсету жүйесі туралы естідіңіздер ме?
· Бұл қызмет қалай көрсетіледі?
Барлық оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан кейін, жүргізуші «мемлкеттік қызмет» ұғымына анықтама беріп, кейбір мемлекеттік қызметтерге назар аударылды. Содан кейін қатысушыларға келесі
тапсырмалар берілді:
· Мемлекеттік қызмет көрсету порталын табу (http://www.egov.kz/).
· Осы порталда электронды түрде қызмет туралы барлық
ақпаратты табу.
· 2 мин. тұсаукесер дайындау. Жүргізуші диалогты түрде іскерлік ойынның қорытындысын жасап, қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.