16.01.17 ж. №14ОМ құқықтық тәрбие айлығы аясында 1-11 сыныптарда сап түзеулер мен сынып сағаттары өткізілді. Бұл іс-шараларға барлық мектеп оқушылары белсене қатысып, Қазақстан азаматы өз құқықтары мен міндеттерін білуге тиіс екеніне назар аударып, сонымен қатар көп пайдалы әрі жаңа мәліметтермен танысты. «Жасөспірімдер жауапкершілігі» атты танымдық ойынға 9 сынып оқушылары қызығушылық танытып, белсене қатысты. Сынып сағаттарында «Балалар құқығы туралы Конвенциясы», мектеп оқушыларының тәртібі мен жауапкершілігіне зейін аударып, сұрақтарға жауап берді.
Мектеп директоры Байболова Р.Б. қалалық және облыстық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды тағы құттықтап, Республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.