«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі​
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 14 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»​

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі балалар ұйымына кезекке қою және жолдама қалай алуға болады

 

Кіші жүйеде жұмыс істеу үшін қажетті техникалық құралдардың тізбесі:

1.   ХҚКО-да алуға болатын ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) (Халыққа қызмет көрсету орталығы)

2.   Соңғы нұсқадағы NCALayer орнатылған бағдарламалық жасақтамасының болуы қажет. Сіз ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының ресми сайтынан мына мекен-жай бойынша көшіріп ала аласыз: https://pki.gov.kz.

3.   Жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін "Google Chrome" браузерін пайдалану қажет.

Мұнда қажетті техникалық құралдар туралы толығырақ.

 

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін сізге:

1.   «akmola.kz» жүйенің басты бетіне кіріп «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi балаларды кезекке қою» қызметті таңдау керек.

2.   Бұдан әрі Ақмола облысының аудандары мен қалаларының тізімі бейнеленеді. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз.

3.   Өтініш берушінің ЭЦҚ (AUTH_RSA) кілті арқылы жеке кабинетке кіру қажет.

4.   Берілген өтініштер журналын ашу үшін бас бетте "Өтініштер журналына" батырмаға басу қажет»

5.   Ары қарай «Балабақшаны таңдау» батырмасын басыңыз.

6.   «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда ғана пайда болады.

 

Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін:

Балабақшалардағы бос орындарға жолдамалар кезекке сәйкес беріледі. Кезегіңіз келген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді.

1.   «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасы Сіздің кезегіңіз келсе, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда пайда болады.

2.   Назар аударыңыз, Сізге қажет барлық тізбесі көрсетілген құжаттарды жинау және 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет. Кері жағдайда, Сіздің кезегіңіз бұғатталады, бірақ ЖОЙЫЛМАЙДЫ.

 

Мемлекеттік тапсырысы бар жекеменшік балабақшаға жолдама алу үшін:

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаны таңдау келесі шарттар сақталған жағдайда ғана қол жетімді: бала мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекте тұрған жағдайда; баланың жасы – 3 жас және одан үлкен; мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаларда бос орындар болған жағдайда.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекеменшік балабақшаны таңдаған жағдайда мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу кезегіңіз сақталмайды.

1.   «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орын болған жағдайда және бала 3 жасқа толған кезде ғана көрінеді.

2.   Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшада бос орындар болған жағдайда, «Мектепке дейінгі балалар ұйымын таңдау» батырмасы пайда болады. Балабақшаны таңдау үшін көрсетілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымын таңдау» батырманы басыңыз. Пайда болған тізімнен қолайлы балабақшаны таңдаңыз.

 

Шағын орталыққа жолдама алу үшін:

1.   «Мемлекеттік шағын орталықты таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда пайда болады.

 

Келесі қадам:

1.   Ары қарай тізімнен қажетті балабақшаны таңдаймыз.

2.   Соңғы қадамда «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭСҚ сертификатын жүктеңіз (RSA).

3.   Ары қарай «Жалпы құжаттары» қойындысынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаға қалыптастырылған жолдаманы қарап жүктеуге болады.

4.   Назар аударыңыз, Жолдама берілу күнінен бастап 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет.

Сондай ақ AKMOLA.KZ мобильді қосымшасын орнатып, аталған қызметтерді өз смартфоныңызда ала аласыз.​

Жаңартылған күні: 22.04.2019 11:20
Құрылған күні: 14.08.2019 11:01

Текст